418,90 492,14 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстандық нокаутшы рингке оралады

  • 179
Қазақстандық нокаутшы рингке оралады

Бірінші ауыр салмақта өнер көрсететін қазақстандық былғары қолғап шебері Серік Мұсәділов (5-0, 5 КО) рингке жоспардан бір апта кеш оралады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Boxrec.com порталының мәліметінше, 25 жастағы қазақстандық келесі жекпе-жегін 24 шілдеде Майамидегі Manual Artime Community Center Theater аренасында өткізеді. Қарсыласы 35 жастағы америкалық Куинтелл Томпсон (4-10-1, 4 КО).

Бұған дейін Мұсәділов рингке 17 шілдеде оралады деп хабарланған. Негізі Серік пен Куинтелл 14 наурызда жұдырықтасуы керек еді, алайда бұл жекпе-жек коронавирус пандемиясына байланысты шегерілген.

Айта кетейік, Серік Мұсәділов соңғы жекпе-жегін 2017 жылы 29 қарашада өткізген. Сол кезде ол мексикалық Мартин Сансоресті екінші раундта нокаутқа түсірген болатын.

Жалпы, кәсіпқой бокста Мұсәділов бес кездесу өткізіп, бәрін нокаутпен аяқтады.

 

Хабар 24 телеарнасы