423,41 498,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Тағы бір қазақстандық боксшы кәсіпқой боксқа ауысты

  • 310
  • UPD: 19:14, 02.07.2020
Тағы бір қазақстандық боксшы кәсіпқой боксқа ауысты boxingkings.ch

Ол бокстан және кикбоксингтен Қазақстанның спорт шебері.

Suleimen Promotions промоутерлік компаниясы талантты қазақстандық боксшы Евгений Павловпен келісімшартқа отырғанын хабарлады.

Петропавл қаласының тумасы бокстан және кибоксингтен Қазақстанның спорт шебері. Олимпиада ойындарының чемпионы Безат Саттарханов атындағы турнирдің жеңімпазы. Сондай-ақ ол 2019 жылы халықаралық «Бокс королі» турнирінің күміс жүлдегері.

«Кәсіпқой бокста керемет жеңіске жетесің деген сенімдеміз. Әлем чемпионы атану үшін біздің команда саған соңына дейін көмектеседі», - делінген промоушен таратқан хабарламады.

Айта кетейік, бұған Suleimen Promotions компаниясымен Айдос Ербосынұлы және Нұрсұлтан Жаңабаев секілді мықты боксшылар келісімшарт жасаған.

Хабар 24 телеарнасы