418,90 492,14 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Англияның аңыз футболшысы қайтыс болды

  • 250
Англияның аңыз футболшысы қайтыс болды prosports.kz

«Лидс Юнайтед» футбол клубының және Англия құрамасының аңызы Джек Чарльтон 85 жасында қайтыс болды, деп жазады Prosports.kz.

Чарльтон ұзақ уақытқа созылған науқастан кейін өмірден озды.

Джек Чарльтон «Лидс Юнайтед» сапында 1952-1973 жылдар аралығында өнер көрсетті. Орталық қорғаушы аталған клуб сапында 773 матчқа қатысып, 96 гол соққан.

Англия құрамасында 1965-1970 жылдар аралығында бақ сынады. Құрама сапында 1966 жылы әлем чемпионы атанды. 

Ал бапкер ретінде «Мидлсбро», «Шеффилд Уэнсдей» сынды клубтарда жұмыс істеді. Сондай-ақ Ирландия ұлттық құрамасын жаттықтырған.

Хабар 24 телеарнасы