428,35 499,00 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бүкіләлемдік жеңіл атлетикалық федерациялар қауымдастығы ХОК құрамына қайтадан енді

  • 185
Бүкіләлемдік жеңіл атлетикалық федерациялар қауымдастығы ХОК құрамына қайтадан енді

Бүкіләлемдік жеңіл атлетикалық федерациялар қауымдастығы Халықаралық Олимпиада комитетінің мүшелігіне қайта енді.

Бұл туралы World Athletics ресми түрде мәлімдеді деп жазады Olympic.kz. World Athletics президенті Себастьян Коэ ұйымға дауыс бергендерге алғыс айтты.

«Президент ретінде біздің спорт түрін олимпиадалық қозғалыс пен ХОК мүшесі ретінде көргеніме қуаныштымын. Біздің спорт түріне, қазіргі федерацияға дауыс берген баршаңызға алғыс айтамын. Біз сіздермен әріптестіктің нығая түсеріне сенеміз. Қоғамдық және элиталық спорттың гүлденуі қазіргі кездегідей маңызды болмаған шығар», - деді Коэ өз сөзінде.

Айта кетелік, 17 шілде күні Швейцарияның Лозанна қаласында Халықаралық Олимпиада комитетінің 136-сессиясы өтті.

Хабар 24 телеарнасы