429,37 504,00 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бэйл де жоқ, пейіл де жоқ

  • 278
  • UPD: 12:08, 07.08.2020

Гарет Бэйл «Манчестер Ситиге» қарсы ойнаудан бас тартты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Чемпиондар лигасының қарымта матчына дайындық көрген «Реал» сапында жартылай қорғаушы көрінбеді. Анығында, ол жүр. Бірақ алаңға шығуға бейілді емес. Пейілі де өзгеше. «Галак-тикос» ағылшындармен ширек финал жолдамасын сарапқа салып жатқаны белгілі. Испанияда Хосеп Гвардь-олла шәкірттері 2:1 есебімен жеңіске жеткен болатын. Өз алаңында ешкімге дес бермейтін «Ман Сити» келесі айналымға өтуден үмітті. Бірақ Зинедин Зидан шәкірттерінің де ойын өрнегі жұрт көңілінен шығып жүр. Әсіресе өткен маусым соңына таман «Реал» футболшылары қамшы салдырған жоқ. Чемпиондар лигасында шоқтығы биіктеп шыға келетін команданың бас бапкері өз шәкірттеріне сенімді. Оны тіпті Бэйлдің пейілі де алаңдатып отырған жоқ.

Зинедин Зидан, «Реал» командасының бас бапкері:

– Бэйл біздің командада. Жаттығады, жалақы алады. Ойынға шыққысы келмейді. Ол енді оның өз шешімі. Бізді ойлантатын мәселе, кезекті ойын. Қарсыластың осал тұсын тапсақ дейміз. Сол маңызды.

 

Хабар 24 телеарнасы