422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Ювентустың» бас бапкері қызметінен кетті

  • 241
  • UPD: 08:14, 09.08.2020
«Ювентустың» бас бапкері қызметінен кетті sportbox.ru

Туриндік «Ювентус» команданың бас бапкері Маурицио Сарридің орнынан кететінін мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Клубтың баспасөз қызметі экс-бапкерге қатарынан тоғызыншы чемпионатқа қосқан үлесі үшін ризашылығын білдірді.

Еске салайық, «қарт синьора» Чемпиондар лигасынан шығып қалды. Сарри шәкірттері «Лионмен» болған екі ойын қорытындысы бойынша қарсыласқа есе жіберіп қойған еді (0: 1; 2: 1).

61 жастағы Сарри «Ювентусты» өткен жаздан бері басқарып келеді. Жалпы оның келісімшарты тағы екі маусымға созылған еді.

Хабар 24 телеарнасы