427,15 517.06 5.74
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Фируза Шарипованың чемпиондық жекпе-жегі Қазан қаласына ауыстырылды

  • 264
  • UPD: 07:48, 12.08.2020
Фируза Шарипованың чемпиондық жекпе-жегі Қазан қаласына ауыстырылды prosports.kz

Қазақстандық боксшы Фируза Шарипованың қатысуымен өтетін турнир Сочидан Қазан қаласына ауыстырылды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл Сочиде коронавирус инфекцияның таралуынан туындаған қолайсыз эпидемиологиялық жағдайға байланысты болып отыр. Сондықтан 15 тамызда жарияланған турнир Қазан қаласында өтеді.

Еске салайық, алдағы бокс кешінде Фируза Шарипова танзаниялық келген Хэппи Даудимен IBA белбеуі үшін чемпиондық жекпе-жек өткізеді.

Хабар 24 телеарнасы