430,99 515.14 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

WTA теннисшілердің рейтингін жариялады

  • 243
  • UPD: 15:00, 17.08.2020
WTA теннисшілердің рейтингін жариялады

Халықаралық әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) тамыз айына арналған теннисшілер рейтингін түзді, деп жазды Olympic.kz. 

Қазақстандық спортшылар Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева өз орындарын сақтап қалды. Рыбакина 17-і, Путинцева 33-і орында. Ал Зарина Дияс екі сатыға төмендеп, 66-орыннан көрінді. 

Көш басында австралиялық Эшли Барти келеді. Екінші орында румыниялық Симона Халеп, үшінші сатыда чехиялық Каролина Плишкова тұр. 

Хабар 24 телеарнасы