419,87 505.95 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

FINA жүзуден 2021 жылғы әлем кубогі кезеңінің жарыс кестесін жариялады

  • 322
  • UPD: 17:59, 17.08.2020
FINA жүзуден 2021 жылғы әлем кубогі кезеңінің жарыс кестесін жариялады

Халықаралық су спорты түрлері федерациясы (FINA) жүзуден 2020 жылғы әлем кубогі кезеңдерінің өтпейтінін хабарлады.

Сондай-ақ 2021 жылғы кубоктік кезеңдер мерзімін жария етті, деп жазды Olympic.kz. 

2021 жылғы әлем кубогі алты кезеңнен тұрады және Токиодағы Олимпиада ойындарынан соң өткізіледі. 

Бірінші және екінші кезең Сингапур мен Цзинан қалаларында жоспарланған (нақты мерзімі кейін хабарланады), үшінші кезең 1-3 қазан күндері Берлинде (Германия), төртінші кезең 7-9 қазан аралығында Будапештте (Венгрия), бесінші кезең 21-23 қазанда Дохада (Катар), алтыншы әрі финалдық кезең 28-30 қазан күндері Қазан қаласында ұйымдастырылады.

2021 жылғы әлем кубогі кезеңдері 25 метрлік бассейнде өтеді және 25 метрлік бассейндегі әлем чемпионатына іріктеу кезеңі болып есептеледі. Аталған чемпионат 2021 жылдың 13-18 желтоқсанында Әбу-Дабиде (БАӘ) өтеді.

Хабар 24 телеарнасы