431,82 507,51 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Каратэ. Нұрлыхан Сәдуақасов Даниел Гецовпен жекпе-жек өткізеді

  • 258
  • UPD: 12:29, 20.08.2020
Каратэ. Нұрлыхан Сәдуақасов Даниел Гецовпен жекпе-жек өткізеді

Қазақстандық Нұрлыхан Сәдуақасов каратэден кәсіпқой жекпе-жек кешіне қатысады. Айтулы жарыс Болгарияның Варна қаласында өтеді.

Қазір жерлесіміз кәрі құрлықта соңғы дайындықтарын пысықтап жатыр. Ал қарсыласы жергілікті Даниел Гетсов есімді кәсіпқой жекпе-жек шебері. Нұрлыхан  бірер ай бұрын да осы бәсекеге бармақ болған. Бірақ қалыптасқан жағдайға байланысты елден шыға алмады. Болгария тарапы да түсіністік танытып, оның уақытын шегерді. Осылайша жекпе-жек кеші 21 тамызға бегіленді.

Айта кетейік, жерлесіміз каратэнің кәсіпқой бағытында алғаш рет бағын сынағалы тұр. Ал классикалық үлгісінде Азия және әлем чемпионаттарының жүлдегері болды.

Хабар 24 телеарнасы