424,85 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Месси жаңа бапкермен «Барселонадан» кету мәселесін талқылады

  • 276
  • UPD: 14:47, 21.08.2020
Месси жаңа бапкермен «Барселонадан» кету мәселесін талқылады SportArena

«Барселона» футболшысы Лионель Месси жаңа бас бапкер Рональд Куманға клубта өзінің «айқын болашағын» көрмейтінін айтты.

Бұл туралы RAC1 радиостанциясына белгілі болды, деп хабарлайды vesti.kz РИА Новости сайтына сілтеме жасай отырып.

Ойыншы бас бапкерге Чемпиондар лигасының ширек финалында германиялық «Бавариядан» 2:8 есебімен жеңілген соң клубтағы жағдайға көңілі толмайтынын және өзін «Барселона» сапында көрмейтінін айтқан.

Басылым мәліметінше, аргентиналық футболшы командадан кетер болса, қандай қиындықтарға тап болатынын түсініп отыр. Оның «Барселонамен» келісімшарты 2021 жылдың жазында бітеді. Ал Куман Мессиге «Барселонадағы» стратегиясы туралы айтқан.

Клуб басшылығы 33 жастағы Мессидің келісімшарты бар екенін және ойыншының Куманмен кездесуіне баға бергісі келмейтінін мәлімдеді.

Айта кетейік, 57 жастағы Куман каталониялық клубтың тізгінін 19 тамызда ұстаған – бапкердің екі жылдық келісімшарты бар. Футболшы ретінде ол «Барселонада» 1989-1995 жылдар арасында ойнаған, ал 1998-1999 жылдары көмекші болып жұмыс істеген.

Куманға дейін «Барселонаны» 61 жастағы Кике Сетьен жаттықтырған. Ол «Бавариядан» ірі есеппен жеңілген соң командадан кеткен болатын. 

Хабар 24 телеарнасы