426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстандық шахматшылар дүниежүзілік онлайн олимпиадаға қатысады

  • 191
  • UPD: 16:15, 21.08.2020
Қазақстандық шахматшылар дүниежүзілік онлайн олимпиадаға қатысады

Бүкіләлемдік шахмат олимпиадасына қатысатын жерлестеріміз үздік үштіктен табылуды көздейді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл жөнінде Ұлттық құрама капитаны Павел Коцур мәлімдеді. Оның айтуынша, ел намысын қорғайтын команда жасақталды және жарысқа ден қоюға тас-түйін дайын. Бір өкініштісі, алғашқы айналымға Жансая Әбдімәлік пен Динара Садуақасова қатыса алмайды. Олар бәсекеге кейін қосылады. Ал, дүниежүзілік доданың өзі бүгін басталады.

Айта кету керек, ол биыл алғаш рет онлайн үлгіде өтеді. Яғни, үміткерлер арнайы платформада сынға түседі.  Жарыстың талап-ережесінде де бірқатар өзгеріс бар. Бүкілемдік бәсекеге 163 елдің құрамасы қатысады. Яғни, 1500-ден аса шахматшы тамыздың соңына дейін өзара мықтыны анықтайды.

Павел Коцур, шахматтан Қазақстан құрамасының капитаны:

- Онлайн үлгідегі жарыс аға буын үшін қиындық тудыруы мүмкін. Өйткені олар классикалық ойынға әбден үйренген. Бұған қоса, шахматта қитұрқы әрекеттер болады. Жарыс кезінде оны төрешілер байқап, ескерту жасайды. Ал, онлайн үлгіде оның алын алу мүмкін емес. Ұйымдастырушылар әртүрлі шараларды қолға алып жатыр. Бірақ мәселенің түбегейлі жойылуы екіталай.

Хабар 24 телеарнасы