420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ПСЖ Мессиден бас тартты

  • 166
ПСЖ Мессиден бас тартты Football.ua

«Барселонаның» аргентиналық шабуылшысы Лионель Месси «Пари Сен-Жерменге» ауыспайды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Goal басылымының хабарлауынша, париждік клуб атақты футболшының қаржылық қажеттілігін қанағаттандыра алмайды. Сондай-ақ ұжым қаржылық адал ойын талаптарына сай бола алмайтынынан қорқады.

Бұған дейін 33 жастағы Месси «Барселонамен» келісімшартты біржақты бұзуға шешім қабылдағаны белгілі болды. Бұл жағдайда шабуылшы басқа клубқа тегін ауыса алады.

Хабар 24 телеарнасы