429,51 502,00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Месси мен Роналду бір командада ойнауы мүмкін бе?

  • 185
Месси мен Роналду бір командада ойнауы мүмкін бе? prosports.kz

«Ювентус» командасы «Барселона» шабуылшысы Лионель Мессиді сатып алуды қарастырып отыр, деп жазады Prosports.kz сайты.

L’Equipe басылымының мәліметінше, туриндік команданың өкілдері Лионель Мессидің әкесі әрі агенті Хорхемен байланысып, футболшыны сатып алу бойынша сөйлескен. Әзірге «Ювентус» нақты ұсыныс жасамай, тек қызығушылық танытып отыр.

Бұған дейін шетелдік БАҚ Лионель Месси «Манчестер Ситидің» бас бапкері Хосеп Гвардиоламен сөйлесіп, ағылшын командасына ауысу туралы ақылдасқаны туралы жазған болатын. 

Қазіргі уақытта «Алтын доптың» алты дүркін иегеріне әлемнің алпауыт командалары көз салып отыр. Оның ішінде «Манчестер Сити», ПСЖ, «Интер» және «Манчестер Юнайтед» бар.

Бір айта кетерлігі, Лионель Месси «Ювентуске» ауысса, басты бәсекелесі Криштиану Роналдудың командаласы атанады. 

Хабар 24 телеарнасы