426,25 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Португалия Хорватияны ірі есеппен ұтты

  • 192
  • UPD: 09:27, 06.09.2020
Португалия Хорватияны ірі есеппен ұтты prosports.kz

Португалия құрамасы А дивизионындағы Ұлттар лигасының 1-туры матчында Хорватиядан басым түсті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Пиреней түбегінің құрамасы 4:1 есебімен ұтты. 

Алаң иелерінің голдарын Жоау Канселу, Диогу Жота, Жоау Фелиш және Андре Силва соқты. Хорватия құрамасынан Бруно Петкович «жұбаныш» добын қарсылас қақпасына дарытты.

Бұл топтағы тағы бір матчта Франция Швецияны жеңді. Ойындағы жалғыз голды Килиан Мбаппе соқты.

Франция мен Португалия 3 ұпайдан еншіледі, Хорватия мен Швеция ұпайсыз.

Хабар 24 телеарнасы