420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Барыс» биылғы маусымдағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді

  • 95
  • UPD: 13:59, 11.09.2020
«Барыс» биылғы маусымдағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді фото: livesport.ru

Құрлықтық хоккей лигасы аясында қазақстандық клуб қытайлық «Куньлуньмен» жолыққан еді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Елордада өткен матч 3:2 есебмен аяқталды. Алаң иелері сапынан Виктор Сведберг, Якоб Лилья және Никита Михайлис гол соқты.

Айта кету керек, Никита соңғы 4 матч қатарынан мергендігімен көзге түсіп отыр. Соның нәтижесінде лигасың сұрмергендері тізімінде бірінші орында тұр. Осылайша, «Барыс» жалпы есепте 5 ұпай жинап, Шығыс конференциясының 6-сатысына көтерілді. Ал, қытайлық клуб қатарынан төртінші матч есе жіберді. Құрлықтық лига аясындағы кезекті кездесулер ертең өтеді. «Барыс» бұл жолы өз алаңында мәскеулік «Динамоны» қабылдайды.

«Астана» үздік ондықта

Франция төрінде велоспортшылар арасындағы байрақты бәсеке жалғасып жатыр. Жарыстың кезекті күні қатысушылар 218 шақырымды бағындырды. Нәтижесінде «Астана» сапындағы Уго Уль мәре сызығын 7-болып кесті. Яғни, кезең жеңімпазынан 52 секундқа қалып қойды. Соның нәтижесінде канадалық спортшы жалпы есепте 56-сатыға жайғасты. Ал, қазақстандық клуб капитаны Мигель Анхель Лопес 39-көрсеткішке ие болды. Жалпы есепте ол 9-орында тұр. Ал, жалпыкомандалық есеп бойынша «Астана» қазір тізімнің 6-сатысында.

«Астана» баскетбол клубы араға ұзақ үзіліс салып қайта дайындыққа кірісті

Оқу-жаттығу жиыны елордадағы «Сарыарқа» велотрегінде өтіп жатыр. Ал, ВТБ лигасы аясындағы алғашқы матч 20 қыркүйекте өтеді. Қазақстандық клуб мәскеулік «Динамомен» жолығады.

Феттель «Феррари» командасынан кетеді

Себастьян Феттель «Феррари» командасынан кетеді. «Формула 1» бәсекесінің төрт дүркін чемпионы осындай шешім қабылдады. Тіпті ол «Рэйсинг Поинт» командасымен келісім жасасып қойған. Бұл клуб келесі маусымда жаңа спортшымен толығады және атауын да өзгертеді. Яғни, «Астон Мартин» деп аталмақ. Феттельдің өзі бұндай шешім қабылдау оңай болмағанын алға тартады. Енді ол жаңа командада Серхио Пересті алмастырады. Кейінгісі бұл жаңалықты жуырда ғана білді және таңданысын жасырмады. Өйткені ол алдағы маусымда осы командада кәсіпқой мансабын жалғастырам деп жоспарлаған екен.

Хабар 24 телеарнасы