432,62 508,50 5.48
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Велоспорттан Әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасы анықталды

  • 128
  • UPD: 17:55, 22.09.2020
Велоспорттан Әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасы анықталды

Шосседегі велоспорттан әлем чемпионатына Қазақстан ұлттық құрамасынан кімдер қатысатыны белгілі болды, деп хабарлады Olympic.kz.

24 қыркүйек Италияда шосседегі велоспорттан әлем чемпионаты басталады. Аталған әлем біріншілігіне тек «элита» санатындағы спортшылар ғана қатыса алады.

Жылдың ең маңызды додасына Қазақстан құрамасы сапынан 6 велошабандоз жарыс жолына шығады. Олар: Алексей Луценко, Жандос Бижігітов, Дмитрий Груздев, Даниил Фоминых, Юрий Натаров және Вадим Пронский.

Айта кетерлігі, өткен маусымда қазақстандық велошабандоздардың сәтті өнер көрсетуі ұлттық құрамаға әлем чемпионатына толық құраммен қатысуға мүмкіндік берген.

Сондай-ақ Дмитрий Груздев пен Даниил Фоминых жекелей сынға түсуге өтінім берген.

Ал топтық кезеңде қазақстандық спортшылар жарысты толық құраммен бастайды. Бұл жарыс барысында жақсы нәтижеге қол жеткізуге септігін тигізеді.

Әлем чемпионаты 27 қыркүйекке дейін жалғасады.

Хабар 24 телеарнасы