427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Барселона» футболшылары «Вильярреал» клубын жеңді

  • 134
  • UPD: 10:00, 28.09.2020
«Барселона» футболшылары «Вильярреал» клубын жеңді

Шәкірттері Рональд Куманның үмітін ақтай алды. «Барселона» испан чемпионатының 3-турында «Вильярреалды» жеңді.

Ойынның бірінші жартысында каталониялықтар қатарынан 4 гол соқты. Артынша Лионель Месси пенальтиден доп теуіп, ұпайды еселеді. Таймның соңында «Вильярреал» қорғаушысы Пау Торрес өз қақпасына гол соқты. Қонақтар ойын тізгінін өз қолына алуға тырысқанымен есепті өзгерту мүмкін болмады.

Хабар 24 телеарнасы