428,77 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Токио Олимпиадасының алау эстафетасы 25 наурызда басталады

  • 137
  • UPD: 16:27, 28.09.2020
Токио Олимпиадасының алау эстафетасы 25 наурызда басталады

Токио Олимпиадасының алау эстафетасы 2021 жылдың 25 наурызында Фукусима префектурасында басталады және 121 күнге созылады. 

Бұл туралы olympic.kz Токиодағы Олимпиада және Паралимпиада ойындарын ұйымдастыру комитетіне сілтеме жасап хабарлады. 

Олимпиада алауының эстафетасы Фукусимадағы футбол орталығында басталып, кейін Жапонияның 47 префектурасында қонақ болады. 

«Токио-2020» ұйымдастыру комитеті коронавирус індетіне байланысты қауіпсіздік талаптарын күшейтеді деп күтілуде. Одан бөлек, ұйымдастырушылар Олимпиада алауы эстафетасын мейілінше жеңіл өткізудің жолдарын қарастырып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы