432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Юлия Путинцева «Ролан Гарростың» екінші кезеңінде ұтылды

  • 166
  • UPD: 23:39, 30.09.2020
Юлия Путинцева «Ролан Гарростың» екінші кезеңінде ұтылды фото: olympic.kz

Парижде үлкен теннистен Франция ашық чемпионаты жалғасуда.

Өкінішке қарай, қазақстандық Юлия Путинцева екінші айналымда жарысты аяқтады деп хабарлайды Olympic.kz.

Путинцева үшінші кезең жолдамасы үшін өткен тартысты бәсекеде аргентиналық Надя Подороскаға есе жіберді.

Үш сетке созылған матчта Подороской 6:3, 1:6, 6:2 есебімен жеңіске жеткен.

Әйелдер арасындағы бәсекеде Қазақстан сапынан Елена Рыбакина ғана турнирді жалғастырады. Зарина Дияс бірінші кезеңде ұтылған болатын.

Хабар 24 телеарнасы