428,77 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Австриядағы WTA турнирі кейінге шегерілді

  • 63
  • UPD: 11:53, 10.10.2020
Австриядағы WTA турнирі кейінге шегерілді

11-18 қазан күндері Австрияның Линц қаласында өтуі тиіс болған теннистен WTA турнирі коронавирусқа байланысты кейінге қалды. Бұл туралы турнирдің ресми сайты хабарлайды. Аталған турнир 7-15 қараша аралығында өтеді деп жоспарланып отыр.

«Жақсы дүниелер үшін уақыт керек екенін бәріміз де білеміз. Турнир директоры Линцтегі турнирдің өтуіне бар күшін салды. Қуанышқа орай, соңғы кездесуде әлемдік ұйым рұқсат беріп, жарыс қараша айында өтетін болды», - дейді ұйымдастырушылар.

Айта кетелік, турнирдің қазіргі чемпионы америкалық Кори Гауфф.

Хабар 24 телеарнасы