433,55 515.14 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

UFC 254 шайқасы көрерменсіз өтеді

  • 339
  • UPD: 10:48, 19.10.2020
UFC 254 шайқасы көрерменсіз өтеді

Хабиб Нурмагомедов пен Джастин Гэтжидің жекпе-жегі көрермендерсіз өтеді. Абу-Дабиде өтетін UFC 254 турнирі 24 қазанға жоспарланған. Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, билет шектеулі болады. Бірақ оның қашан саттыққа шығарылатыны әзірге белгісіз. Айта кетейік, кеште қазақстандық Шавкат Рахмонов өнер көрсетеді. Ол бразиялық Алекс Оливейромен төбелеседі. Ал тағы бір спортшымыз Сергей Морозов қарсыласы Умар Нурмагомедовтың сырқатына байланысты рингке шықпайтын болды. Себебі бүгінде  Хабиб Нурмагомедовтың інісі Дубай ауруханасында ем алып жатыр.

«Джиро д'Италия» турнирінің 15-кезеңінде Якоб Фульсанг мәре сызығын тоғызыншы болып кесті. Велошабандоздар 185 шақырым қашықтықты артқа тастады. Көпкүндікте әзірге португалиялық Жоау Алмейда топ бастап келеді. Фульсанг екеуінің уақыт айырмашылығы, 5 минут 7 секунд. Ал командалық есепте «Астана про тим» 9-орынға тұрақтады. 

Футболдан Қазақстан премьер Лигасы ойындарында «Тобыл» екінші орынға жайғасты. Чемпионаттың 13-кезеңінде қостаналықтар Ақтаудың «Каспийін» ұтты. Жалғыз әрі шешуші голды қорғаушы Сергей Малый 70-ші минутта салды. 

Жеңіс қостанайлық командаға 23 ұпай сыйлап, осылайша турнир кестесінде «Астанадан» бір саты жоғары шықты. Ал 7 ұпай жинаған «Каспий» көш соңында қалып қойды.

Мәскеу дербиінде ЦСКА «Динамоны» тізе бүктірді. Есеп 3:1. 2016 жылдан бері команда «Динамодан» айласын асыра алмай келіп еді. Жеңісті голдың авторы, Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бахтиер Зайнутдинов. Футболшы алаңға негізгі құрамында шығып, матчты толығымен өткізді.

Кейін Константин Кучаев, Чидера Эджуке және  Игорь Дивеев көзге түсті.

ЦСКА 22 ұпаймен Ресей премьер-лигасында үздік үштікті түйіндеді. Ал «Динамо» 17 ұпаймен 8-орынға тұрақтады.

Хабар 24 телеарнасы