420.79 509.00 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шавкат Рахмонов UFC-дегі дебюттік жекпе-жегінде жеңіске жетті

  • 150
  • UPD: 23:10, 24.10.2020
Шавкат Рахмонов UFC-дегі дебюттік жекпе-жегінде жеңіске жетті фото: prosports.kz

Абу-Дабидегі Яс аралында UFC 254 турнирі өтіп жатыр, деп жазады Prosports.kz.

Аталған кеш аясында қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов көпткен күткен UFC-дегі дебюттік кездесуін өткізді. Отандасымыздың қарсыласы бразилиялық Алекс Оливейра болды.

32 жастағы Оливейра өте тәжірибелі және қауіпті спортшы болатын. UFC-де 5 жыл бойы өнер көрсетіп жүрген ол бүгін 19-шы жекпе-жегіне шықты.

«Сарбаздар аралында» өткен жекпе-жек қазақстандық файтердің жеңісмен аяқталды. Үш раундқа жоспарланған кездесу алғашқы раундта аяқталды. Шавкат қарсыласын қылқындырып тастады.

Осылайша, Шавкат Рахмонов өзінің мансабындағы 13-жекпе-жегінде жеңіске жетіп, американдық промоушен туы астындағы дебютін сәтті өткізді.

Хабар 24 телеарнасы