423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

АТР 250: Astana Оpen турнирі басталды

  • 126
АТР 250: Astana Оpen турнирі басталды ktf.kz

Нұр-Сұлтанда ATP 250 Astana Оpen беделді турнирі басталды.

Әлемдік рейтингтің жүздігіне кіретін кәсіби теннисшілер рейтинг ұпайлары мен жеңімпаз атағына таласады, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

Жарыс қарсаңында жеребе тарту рәсімі мен іріктеу ойындары өтіп, 32 қатысушыдан құралған жарыс кестесі әзірленді. Турнирдің алғашқы раунды бүгін Ұлттық теннис орталығының барлық корттарында өтеді.

Дүбірлі додаға қазақстандық спортшылар да қатысады: турнир рейтингінде алтыншы сатыда тұрған Александр Бублик, Дэвис кубогындағы Қазақстан құрамасының мүшесі Михаил Кукушкин, сондай-ақ ұйымдастырушылардан уайлд-карт иеленген Дмитрий Попко мен Тимофей Скатов.

Astana Оpen қатысушылары арасында Бенуа Пэр (әлемнің 27-ракеткасы), Миомир Кецманович (39), Адриан Маннарино (41), Джон Миллман (44), Теннис Сандгрен (48), Фернандо Вердаско, Френсис Тиафожәне т.б. теннисшілер бар.

– Astana Open ресми бастау алды. Бұған дейін күрделі ұйымдастыру жұмыстары жүргізілді. Біз ATP турнирінің елімізде өтуіне бірнеше жыл атсалыстық. Осы спорт түрінің барша жанкүйеріне турнир ұмытылмас әсер қалдырады, қатысушылар әлемдік рейтингтегі орнын жақсартады, ал турнир Қазақстан жерінде жиі өтеді деп сенеміз, – деп атап өтті Қазақстан теннис федерациясының вице-президенті Юрий Польский.

26 қазан күні жарыстар Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 12:00-де басталды. Қазақстандық Дмитрий Попко кортқа шамамен сағат 15:00-де шығады, ол турнирдің екінші раундына өту үшін румын теннисисті Раду Алботпен ойнайды.

Турнир финалы Ұлттық теннис орталығында 1 қарашада өтеді. Турнирдің жалпы жүлде қоры – 275 мың доллар.

Матчтарда коронавирустық пандемияға байланысты қатаң қауіпсіздік шаралары сақталған.

Хабар 24 телеарнасы