420.79 509.00 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордадағы универсиада мәресіне жетті

  • 82
  • UPD: 14:36, 08.11.2020
Елордадағы универсиада мәресіне жетті

Елордада жоғары оқу орындары арасындағы дәстүрлі дода аяқталды.

Оған 13 команда қатысып, 16 спорт түрінен өзара мықтыны анықтау керек еді. Қалыптасқан жағдайға байланысты кейбір бәсекелер болмай қалды. Соған қарамастан ұйымдастырушылар оны соңына дейін жеткізудің амалын тапты. Универсиада қатысушылары волейбол, футбол, теннис және президенттік көпсайыста бақ сынады. Бұған қоса тоғызқұмалақ, асық ату сияқты ұлттық ойындар да назардан тыс қалмады. Осылайша жалпы көрсеткіш бойынша жеңімпаздар анықталды. Биыл байрақты бәсекенің бас жүлдесі Еуразия ұлттық университет құрамасына бұйырды.

Ерік Чинчалинов, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті спорт клубының менеджері:

– Аталмыш универсиада спорт  және дене шынықтыру басқармасының бастамасымен өтті. Пандемияға қарамастан соңына дейін жетті. Барлық спорт түрінен біздің команда топ жарды. Жыл сайын командалардың әлеуеті өтіп келеді. Бәсекеге қабілетті командалар көп.

Хабар 24 телеарнасы