425.40 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Дмитрий Попко «Cary Challenger» додасының екінші айналымына өтті

  • 82
  • UPD: 12:52, 10.11.2020
Дмитрий Попко «Cary Challenger» додасының екінші айналымына өтті

Кэриде (АҚШ) ATP Challenger аясында теннистен халықаралық «Cary Challenger» додасы өтіп жатыр.

Olympic.kz қазақстандық спортшылардың нәтижесін ұсынды. 

Александр Недовесов турнир аясындағы ойынын аяқтады. Жарыстың негізгі жеребесінің бірінші айналымындағы кездесуде қазақстандық АҚШ өкілі Майкл Ммодан 5:7, 0:6 есебімен жеңіліп қалды.

Дмитрий Попко турнирдің негізгі кезеңінің алғашқы кездесуінде АҚШ-тың тағы бір өкілі Улисс Бланшты 6:3, 6:2 есебімен жеңді.

Аталған қос теннисші де жұптық кезеңде бақ сынайды.

Бүгін, 10 қарашада Голубев/Недовесов дуэті Роберт Гэллоуэй (АҚШ)/Риз Хуэй (Филиппин) жұбына қарсы ойнайды. Дмитрий Попко канадалық Петр Поланскимен жұп болып, Роберто Галанға (Доминикан Республикасы)/Даниэль Галаға (Колумбия) қарсы матч өткізеді.

Хабар 24 телеарнасы