423.81 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Токио олимпиадасының билеттері қайтарыла бастады

  • 97
  • UPD: 13:14, 11.11.2020
Токио олимпиадасының билеттері қайтарыла бастады

Байрақты бәсекені ұйымдастыру комитеті осындай шешім қабылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Яғни қолында билеті барлар оны кері өткізіп, ақшасын алуға мүмкіндігі бар. Өтініштер 30 қарашаға дейін қабылданады. Соңғы ақпараттарға сәйкес Токио олимпиадасына 4,4 млн билет сатылған. Бұған қоса млн-ға жуық паралимпиада билеті де иелерін тапты. Жоспар бойынша бұл көрсеткіш 10 млн-ға жетуі керек еді. Енді қалыптасқан жағдайға байланысты ұйымдастырушы тарап оны кері қабылдауға мәжбүр. Айта кетейік, Токио олимпидасының уақыты бір жылға шегерілді. Қазақстан құрамасы оған 100-ден аса лицензия алуды жоспарлаған болатын. Қазір жерлестеріміз еншісінде жолдама бар.

 

«Барыс» кезекті кездесуінде есе жіберді

Бірақ турнир тізіміндегі орнын сақтап қалды. Құрлықтық лига аясында елордалық клуб «Локомотив» хоккейшілерімен жолыққан. Матч Ярославль қаласында өтті. Оның барысында 9 шайба соғылды. Әсіресе ресейлік клуб сапындағы Денис Алексеев 3, ал Андре Петерссон 2 голдың авторы атанды. Қорытынды есеп – 7:2. Бұл – «Локомотив» үшін қатарынан үшінші жеңіс. Соның нәтижесінде турнир тізімінің үшінші сатысына жайғасты. Ал «Барыс» өз конферециясында 7-інші тұр. Қазақстандық клуб келесі кездесуін де сырт алаңда өткізеді. 12 қараша күні Нижнекамск қаласында жергілікті «Нефтизимик» хоккей клубымен жолығады.

 

Асық атудан Қазақстан чемпионаты өтті

Асық ату шеберлері өзара мықтыны анықтады. Қалыптасқан жағдайға байланысты дәстүрлі дода биыл алғаш рет онлайн форматта ұйымдастырылды. Республикалық жарысқа еліміздің барлық аймағынан 12 команда қатысты. Бәсеке ерлер және әйелдер арасында болды. Алғашқысында елордалық құрама топ жарды. Үздік үштікке Түркістан және Ақмола облысының командалары ілікті. Ал қыздар арасындағы додада Қостанай облысы жеңімпаз атанды. Екінші орында елордалық бұрымдылар солтүстік қазақстандық құрама үшінші орынға жайғасты. Айта кетейік, соңғы кезде ұлттық ойынға қатты мән беріліп жатыр. Қазір ол спартакиада, универсиада бағдарламаларында бар. Тіпті халықаралық деңгейдегі бәсекелер де өтіп тұрады. Алдағы уақытта Азия және Әлем чемпионаттарын өткізу жоспарда бар. Ал үздік ойыншыларына біздің елде спорт шебері атағы беріледі. 

 

 

Хабар 24 телеарнасы