425.49 509.00 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қостанай облысында спорттық-сауықтыру нысандары жабылды

  • 73
  • UPD: 20:07, 17.11.2020
Қостанай облысында спорттық-сауықтыру нысандары жабылды

Қостанай облысында жабық спорттық-сауықтыру нысандары уақытша жабылды. Демалыс орындары мен шипажайлар да әзірге жұмыс істемейді.

Бүгін облыстың бас санитарлық дәрігері осындай қосымша шектеулер енгізді. Жаңа қаулыға сәйкес, қоғамдық тамақтандыру орындарында бір үстелдің басында төрт адамнан артық отыруға болмайды. Ал жол бойындағы асханалар тек жеткізіп беру қызметін көрсетеді. Сондай-ақ облыс аумағына және Қостанай мен Рудный қалаларына кіріп шығуға тыйым салынды. Қалааралық автобус қатынасы мен такси қызметі толық тоқтайды. Тек жүк тасымалы және арнайы қызмет көліктерінің ғана қозғалысына рұқсат.  

Айта кетелік, өңірде  соңғы тәулікте тағы 57 адамнан ковид-19 анықталған.

Владимир Нечитайло, облыстың бас санитарлық дәрігері:

- Бұл шектеу шаралары әзірге қысқа мерзімге, бір аптаға енгізіліп отыр. Жағдай тұрақталатын болса, оны жеңілдетуіміз мүмкін. Бірақ қандай да бір өзгеріс індет таралымының өсіміне немесе төмендеуіне байланысты қабылданады.

Хабар 24 телеарнасы