419,54 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Конор Макгрегор келесі жекпе-жегін кіммен өткізеді?

  • 107
Конор Макгрегор келесі жекпе-жегін кіммен өткізеді? Спорт-Экспресс

Конор Макгрегор үлкен спортқа қаңтарда оралады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Аралас жекпе-жек шебері келесі кездесуін Абу-Даби қаласында өткізеді. Бұл ақпаратты UFC ұйымы ресми растады және жекпе-жек кешіне қатысты жарнаманы жариялады. Ирландиялық спортшы бұл жолы америкалық Дастин Порьемен жолығатын болды.

Айта кету керек, қос мықты бұған дейін де кездескен. 2014 жылы ұйымдастырылған жекпе-жек Макгрегордың басымдығымен аяқталды. Ол алғашқы раунда-ақ қарсыласын нокаутқа жіберді. Енді қарымта кездесу өткізу жоспарланып отыр. Конор ең соңғы рет айқас алаңына 2020 жылдың қаңтарында шығыпты. америкалық Дональд Серроннан басым түскен еді. Одан кейін үлкен спорттан кететінін мәлімдеді. Ал Дастин маусым айында жаңазеландиялық Дэн Хукерді жеңді.

Хабар 24 телеарнасы