419,54 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Садриддин Ахмедовтың кезекті жекпе-жегі қашан өтеді

  • 117
  • UPD: 15:53, 26.11.2020
Садриддин Ахмедовтың кезекті жекпе-жегі қашан өтеді

Кәсіпқой рингте тек жеңіспен көзге түсіп жүрген қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов (11-0, 10 КО) өзінің кезекті жекпе-жегін биыл өткізуі мүмкін, деп хабарлады Prosports.kz RDS.ca-ға сілтеме жасап.

Eye of Tiger Management компаниясындағы Садриддиннің промоутері Камил Эстефанның айтуынша, 18 немесе 19 желтоқсанда Канадада бокстан гала-кеш өткізу жоспарланған, оның аясында 22 жастағы қазақстандық орта салмақта құрлықтық титул үшін жекпе-жек өткізуі мүмкін. Дегенмен Садриддин Ахмедовтың қарсыласының есімі әлі анықталған жоқ.

«Сарбаз Q» мұның алдындағы жекпе-жегін өткен жылдың 7 желтоқсанында Монреальда (Канада) өткізген. Ол жетінші раундта аргентиналық Хосе Антонио Вильялобосты нокаутқа жіберді (12-6-2, 7 КО).

Қазіргі уақытта Садриддин Ахмедов WBC тұжырымының екі белбеуіне ие: жастар арасындағы әлем чемпионы және ересектер арасындағы Азия чемпионы.

Хабар 24 телеарнасы