420,66 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстан құрама командасына жаңа бапкер келді

  • 293
  • UPD: 10:10, 15.12.2020
Қазақстан құрама командасына жаңа бапкер келді

Қазақстан құрама командасының бас бапкері болған Михал Билек УЕФА ұлттар лигасындағы нәтижелерге байланысты қызметінен кетіп, енді оның орнын Талғат Байсопынов басты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Талғат Маруаұлы 2017 жылы да құрама команда тізгінін ұстап, 2018 жылы өткен әлем біріншілігінің іріктеу сындарына Қазақстан футболшыларын қосқан. Бір-сыдырғы жақсы ойнатып, тіпті Роберт Левандовский бастаған саңлақтардан ұпай еншіледі. Оған дейін еліміздің клубтарын жаттықтырды. Мысалы, Петропавлдың «Есіл-Богатырын», Павлодардың «Ертісін», Оралдың «Ақжайығын» баптағанын жанкүйерлер жақсы біледі.

Байсопынов енді Катарда өтетін дүниежүзілік доп додасының іріктеу матчтарына команда жасақтайды. Қарсыласымыз Франция, Украина, Финляндия, Босния және Герцеговина екені белгілі. Ал Қайрат Нұрдәулетов еліміздің жастар құрамасының бас бапкері болып тағайындалды. Ал болгариялық маман Калоян Петков Қазақстанның әйелдер құрамасын жаттықтыратын болды.

Хабар 24 телеарнасы