427,41 517.06 5.76
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

WBA: қазақстандық боксшылардың рейтингтегі орны қандай

  • 236
  • UPD: 14:51, 31.12.2020
WBA: қазақстандық боксшылардың рейтингтегі орны қандай

Дүниежүзілік бокс қауымдастығының (WBA) жаңартылған рейтингінде қазақстандық 4 боксшының аты аталды, деп жазды Prosports.kz.

Бұл тұжырымның бірінші ауыр салмақтағы чемпионы – қазақстандық Бейбіт Шүменов. Ал супер чемпион атағы армян текті француз Арсен Гуламирянға тиесілі.

Супер орта салмақта жерлесіміз Айдос Ербосынұлы екінші орында тұр. Ол сонымен қатар WBA International белбеуінің иегері. Бұл салмақта уақытша чемпион – кубалық кіші Дэвид Моррель. Ал супер чемпион атағы мексикалық Сауль Альвареске тиесілі.

Жәнібек Әлімханұлы орта салмақта ТОП-15 тізімін түйіндеп тұр. Бұл салмақта да Сауль Альварес ұйымның супер чемпионы. Жапониялық Киото Мурата чемпион, британиялық кіші Крис Юбенк уақытша чемпион.

Бірінші жартылай орта салмақтағы рейтингте Батыр Жүкембаев 13-орынға жайғасқан. Бұл салмақта Ұлыбритания боксшысы Джош Тейлор супер чемпион, ал америкалық Марио Барриос чемпион.

Хабар 24 телеарнасы