425,30 504.32 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Тоқаев әлеуметтік бағдарламаларды жеке мүддесіне пайдаланатындарға шүйлікті

  • 148
  • UPD: 14:18, 01.09.2021
Тоқаев әлеуметтік бағдарламаларды жеке мүддесіне пайдаланатындарға шүйлікті Ақорда

Қазақстан – әлеуметтік мемлекет. Сондықтан қиын жағдайға тап болған азаматтарға жан-жақты көмек көрсету – басты міндеттердің бірі.

Жолдау кезінде осылай деген Президент әлеуметтік бағдарламаларды жеке мүддесіне пайдаланатын азаматтардың барын тілге тиек етті.

«Қоғамда патерналистік көңіл-күй және әлеуметтік масылдық үрдісі белең алды. Ел ішінде әлеуметтік бағдарламаларды әдейі жеке мүддесіне пайдаланатын азаматтар аз емес. Мұндай адамдар кез келген өркениетті елдегі сияқты заңның және бүкіл қоғамның алдында жауап беруі керек», – деді Тоқаев.

Хабар 24 телеарнасы