423,95 504.32 5.84
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Ұлттық банк пен Үкімет инфляцияны қадағалауда қауқарсыздық танытты

  • 204
  • UPD: 14:21, 01.09.2021
Ұлттық банк пен Үкімет инфляцияны қадағалауда қауқарсыздық танытты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына кезекті Жолдауын ұсынды.

Президент елдің әлеуметтік-экономикалық даму бағыттарын жариялады. Айта кетейік, бұл – Мемлекет басшысының үшінші жолдауы. Инфляция – 4,6 процент деңгейінде болуы керек. Мемлекет басшысы кезекті Жолдауында осыны міндеттеді. Бүгінде елдегі инфляцияны ұстап тұру мүмкін болмай тұр. Ұлттық банк пен Үкімет әлемдегі жағдайды желеу етіп, қауқарсыздығын танытты. Дағдарысқа қарсы шараларға 3,6 триллион теңге жұмсалды. Бұл – айтарлықтай шығын. Бірақ екінші деңгейлі банктер тиімді жобаларды қолдауға ынта танытпай отыр. Әсіресе ауылда бұл мәселе өзекті. Сондықтан Президент микроқаржылық ұйымдардың көмегіне жүгіну қажеттігін ұсынды. Енді Ұлттық банк пен қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі іс-шаралар пакетін әзірлеуге міндеттелді

Хабар 24 телеарнасы