389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Болашақ» стипендиаттары билік тармақтарында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселесін талқылады

  • 472
  • UPD: 15:36, 19.02.2017

Еліміздің жарқын болашағы жастар да Елбасы Жолдауын қызу талқылап жатыр.

«Болашақ» бағдарламасы бойынша Мәскеуде оқып жүрген студентер Елшіліктің қолдауымен Қазақстандағы билік тармақтарында өкілеттіктерді қайта бөлу және «Үшінші жаңғырту» бағдарламасы бойынша дөңгелек үстел өткізді. Шараға қатысқан белсенді жастар бағдарламадағы басым бағыттар жайлы жан-жақты пікір алысты. Жас буын білім беру және ғылым саласындағы міндеттерді жүзеге асыру, зияткерлік ұлтты қалыптастыру және Қазақстанның 2050 жылға қарай әлемдегі озық 30 елдің қатарына ену мақсатының маңызына баса назар аударды.

Болат Керімбек, ММУ магистрі:

- Бұл жерде мен Ұлттық қордан бөлінетін қаражатқа қатысты ойымды білдіргім келеді. Өйткені мемлекет, кез келген ел өзінің қазба байлықтарына немесе қаржы қорларына сеніп қана қоймай, өзі әрекет етуі керек. Өзінің экономикасын да, орта және шағын бизнесті дамытуы керек. Сондықтан Елбасының осы жолы Ұлттық қордан бөлінетін қаржы санын азайту дегені біз өзге де жолдарды іздеуміз керек дегенді білдіреді. Экономикалық даму кезінде, қаржылық дағдарыс кезінде альтернативті жолдарды іздеп, шағын және орта бизнесті дамыту керек. Ол өте дұрыс. Бүгінгі заман талабы.

Мұхтар Баймағұлов, Ресей президенті жанындағы академия магистрі:

- Елбасы Жолдауы – Қазақстан халқына, жастар үшін бағыт. Бизнес болсын, басқа салалар болсын, бізге осы Жолдау бағдар болып саналады. Осы талқылауда, Жолдауда Елбасы нақты өзінің бағыттарын айтады, жақын кезде мемлекетіміз қай саланы қай жолмен дамыту керек екендігін. «Болашақ» бағдарламасымен оқып жатқан, осы жақта білім жинап, ертең өз мемлекетімізге қайтқанда, өзге елде жинаған жақсы тәжірибені, экономика болсын, басқа сала болсын, жүзеге асыруға өз ықпалымызды тигіземіз.

Хабар 24 телеарнасы