388,07 428,20 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еуропарламент депутаты Ивета Григуле: Қазақстан – болашағын ойлаған ел

  • 1341
  • UPD: 16:19, 03.04.2017

Қазақстан болашағын ойлаған ел. Мұны елде енгізіліп жатқан экономикалық жаңғыртудың үшінші кезеңі аясында көзделген негізгі бағыттардан көруге болады.

Брюссель қаласында тілшімізге сұхбат берген еуропарламент депутаты, Орталық Азия және Қазақстанмен ынтымақтасу бойынша Еуропарламент делегациясының басшысы Ивета Григуле осылай деді.

Ивета Григуле, Орталық Азия және Қазақстанмен ынтымақтасу бойынша Еуропарламент делегациясының басшысы:

- Қазақстан болашағын ойлап, жетістіктерін талдап, 2050 жылға дейін одан да жақсы нәтижелерге жету жолдарын қарастырған ел. Жас мемлекет дамыған 30 елдің қатарына кіруді көздейді. Әрине бұл бағыт табыстарға жетелейтін жол. Қазақстан Президенті болашаққа бастайтын көпір салып, ертеңгі күнін алдын ала ойлаған басшы. Бұл тұрғыда саяси жүйені, экономика мен кадрларды ырықтандыру елдің дамуы үшін жасалып отырған басты қадамдар дер едім.

Хабар 24 телеарнасы