378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС

«Нұрлы жер» аясында 200 мыңға жуық отбасы баспаналы болды

  • 894
  • UPD: 13:05, 14.01.2019

Өткен жылы «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында 100 мыңға жуық тұрғын үй пайдалануға берілген. Нəтижесінде 200 мыңға жуық отбасы баспанаға қол жеткізді. 

Деректерге сүйенсек, «Нұрлы жер» тұрғын үй бағдарламасы 15 жылда 1 жарым млн отбасын тұрғын үймен қамтамасыз етуге бағытталған. Бағдарлама жүзеге асырылған 2 жылдың ішінде шамамен 200 мыңға жуық отбасы тұрмыс жағдайын жақсартуға мүмкіндік алды. Еліміздегі тұрғын үй саласында бұған дейін болған барлық механизмдер «Нұрлы жер» бағдарламасында толықтай қарастырылған. Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру барысында қазақстандықтардың жеке тұрғын үй құрылысына қызығушылығы артып отыр. 

Ал «Астана ақшамы» газеті алдағы 30 жылда қазақтың төр қаласының түр-келбеті қалай өзгереді деген сауалға жауап іздейді. Әрине бұл сауалдың елорда тұрғындарын әрқашан қызықтыратыны анық. Осыған орай қазір қала билігі мемлекет басшысының тапсырмасымен астананы дамытудың 2050 жылға дейінгі стратегиясын әзірлеуге кіріскен. Бұл стратегияның мақсаты – астананы жаңашыл адамдарды, таланттарды, жастарды, туристер мен шетел инвесторларын қызықтыратын оңтайлы орталыққа айналдыру. 

Бақыт Сұлтанов, Астана қаласының әкімі:

«Астана – үлкен демографиялық әлеуетке ие миллион тұрғыны бар қала. 2030 жылға қарай қала халқының саны 2 миллион адамға жетеді деген болжам бар, ал 2050 жылы 3 миллионнан асады. Мемлекет басшысы Астананы жаңашыл адамдарды, таланттарды, жастарды, сондай-ақ туристер мен шетел инвесторларын қызықтыратын негізгі орталыққа айналдыру міндетін қойып отыр. Ең бастысы, заманауи урбанистік шешімдерді, қала құрылысына қажетті жаңа идеяларды пайдалану уақыттың талабы».

Телеканал Хабар 24