379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Баспасөзге шолу. Бөдене жұмыртқасы белсіздікке ем болады

  • 657
  • UPD: 12:55, 08.05.2019

Бөдененің ерекшеліктері неде? «Қармақшы таңы» газетінен осы бір құс жайында материалды оқи аласыздар. Жалпы бұл құстың денесінің тұрқы не болғаны 16-20 см. Қызығы, ол әр 16 сағат сайын жұмыртқалайды екен. Және оның жұмыртқасы бірталай ауруға ем. Үзіндіге үңілсек.

«Бөдене жұмыртқаларының емі ертеден белгілі. Оны жиі тұтынған адамдарда ас қорыту мүшелері жақсы жұмыс жасайды. Жалпы, бөдене жұмыртқасы анемияға, бас ауруына, демікпе мен туберкулезге, қан қысымының көтеріліп және түсіп кетуін реттеуге, салқын тигенге, тұмауға, ішек ауруларына, әсіресе, асқазан жарасы мен гастритке таптырмас ем. Тіпті, жапониялықтар бөдене жұмыртқасын тұрақты тұтынған науқас қатерлі ісіктің өзінен айығатынын дәлелдеген көрінеді. Әйелдермен балалар 2-3 жұмыртқаны шикілей ішсе сүйектері, тісі, шашы қуатты болады. Яғни ағза кальциймен толығады. Ер адамдар күнделікті таңертең аш қарынға 3-4-еуін ішкен болса бұл белсіздік ауруының алдын алуға жәрдемдеседі. Бөдене жұмыртқасын тұрақты түрде пайдаланған адамның дені сау болып өмірге құштарлығы артады».

Алайда, бұл құсты күтіп баптау оңай шаруа емес секілді. Мақалада осы құсты өсіріп жүрген маманның пікірі де жазылған. Олай болса назар аударсақ. +Цитата-30сек

Марат Боқтыбаев, бөдене өсіруші:

«Өте сезімтал құс. Көп жағдайда күтімді қажет етеді. Тұрақты қарап отырмасаң бір мезетте өспей қалады. Бір ерекшелігі құстар тыныштықты, жылылықты қалайды. Бөлме температурасына да аса мән беріп, бір қалыпта өседі. Тауықтың 5 жұмыртқасы бөдене жұмыртқасының 1-еуіне татиды. Айта кетер ерекшелігі бөденені қорқытып, үркітіп алсаң, қасына барғанда қатты дыбыстар шығаратын болсаң жұмыртқаламай қалады. Күтімді көп қажет етеді».

Республикалық «Egemen Qazaqstan» газетінің кезекті санында «Қарағанды вокзалы қайта түлейді» атты мақала жарық көрді. Бұл тұрғындарды көптен бері мазалап келген сұрақ болса керек. Мәселен,  кеншілер астанасының темір жол қақпасынан тәулігіне бес мыңға жуық адам әрі-бері өтеді екен. Аз емес әрине. Ал вокзалдың ішіне небәрі 800 ғана адам сыяды. Ал қасбеті ескіріп, әбден тозған. Сондықтан өткен жылы арнайы шешім қабылданып, қайта жаңғырту жұмыстары басталыпты.

«Жаңа жобаның вокзалды адам танымастай өзгертетін түрі бар. Мысалы, вокзал үйінің оң қапталына жапсарлас үш қабатты ғимарат салынады. Мұнда билет кассалары, күту залы, медпункт, демалыс бөлмесі, сауда дүңгіршектері, дəретханалар сияқты жолаушыларға қажетті игіліктің бəрі қарастырылады. Мүмкіндігі шектеулі жандар да бұл жерде өздерін жайлы сезінетін болады. Құрылыс толық аяқталғанда, жаңарған вокзал ішіне 2300 адам сыяды деген болжам бар. Жолаушыларды өткізу қабілеті 8 мың адамға дейін жетеді деп жоспарланған».

Дегемен, әлі де әттеген-айы бар. Өйткені құрылысшылар белгіленген мерзімнен бір жарым айға кешігіп жатыр. Қазіргі таңда мұнда 110 адам еңбек етсе, межелі уақытты қуып жету үшін қосымша күш қажет. Жұмыстардың жай-жапсарымен танысқан облыс әкімі, тағы да адамдарды тартып, тиісті мекеме басшыларына күн сайын атқарылған шаруаларды қадағалап тұруды тапсырды.

Телеканал Хабар 24