378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС

Жаңа Үкімет құрамы. Кім келді, кім кетті?

  • 1292
  • UPD: 09:32, 26.02.2019

Елімізде жаңа Үкімет құрамы бекітілді.

Мемлекет басшысы ҚР Үкіметінің құрамы туралы Жарлыққа қол қойды.

Бүгін болған ауыс-түйістер мыналар:

Асқар Ұзақбайұлы Мамин - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі;

Әлихан Асханұлы Смайылов – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасының Қаржы министрі;

Жеңіс Махмұдұлы Қасымбек – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары;

Бейбіт Бәкірұлы Атамқұлов – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі;

Нұрлан Байұзақұлы Ермекбаев – Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі;

Ерлан Заманбекұлы Тұрғымбаев – Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі;

Дәурен Әскербекұлы Абаев – Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі;

Марат Бақытжанұлы Бекетаев – Қазақстан Республикасының Әділет министрі;

Елжан Амантайұлы Біртанов – Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі;

Арыстанбек Мұхамедиұлы – Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі;

Асқар Қуанышұлы Жұмағалиев – Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі;

Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев – Қазақстан Республикасының Энергетика министрі болып тағайындалды.

Үкімет мүшелерінің құрамында жаңадан (қайта) келгендер:

Гүлшара Наушақызы Әбдіқалықова - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары;

Бердібек Машбекұлы Сапарбаев - Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі;

Сапархан Кесікбайұлы Омаров - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі;

Күләш Ноғатайқызы Шәмшидинова - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі;

Роман Васильевич Скляр - Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі;

Руслан Ерболатұлы Дәленов - Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі болып тағайындалды.

ҚР Ұлттық банкі төрағасы Данияр Ақышев отставкаға кетті.  

Еліміздің Ақпарат және коммуникациялар министрлігі таратылды. Оның ақпарат саласындағы функциялары мен өкілеттіктері Қоғамдық даму министрлігіне беріліп, бұл ведомство Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі болып қайта құрылды.

Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне Ақпарат және коммуникациялар министрлігінен байланыс, ақпараттандыру, «электрондық үкімет», мемлекеттік қызметтерді көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты дамыту саласындағы функциялары мен өкілеттіктері берілді. Бұл орган  Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі болып қайта ұйымдастырылды.

Ерлан Кенжеғалиұлы Сағадиев ҚР Білім және ғылым министрі қызметінен, Дархан Аманұлы Калетаев Қоғамдық даму министрі қызметінен, Мадина Ерасылқызы Әбілқасымова Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметінен кетті.

Телеканал Хабар 24