378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС

Ақтауда 210 орындық студенттер жатақханасы ашылды

  • 255
  • UPD: 22:46, 05.02.2019
Ақтауда 210 орындық студенттер жатақханасы ашылды

Үш қабатты ғимарат бұған дейін қолданыста болған. Былтыр іскер азамат күрделі жөндеу жасады. Нәтижесінде жастар жайлы жатын бөлмелер мен Wі-Fі желісі бар оқу залымен қамтылып отыр. Мұнда енді қаладағы үш бірдей колледждің студенттері тұратын болады.

Жалпы Маңғыстау өңірінде жатақханаға қажеттілік 1064 орынды құрайды. Биыл тағы үш жатақхана ашу жоспарда бар. Жеке инвесторлар жобалар құрылысын мерзімінде аяқтаса, мәселе түбегейлі шешіледі.  

Нұрлыбек Қойжанов, облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары:

- 2021 жылға дейін барлық 1064 студентті жатақханамен қамтамасыз етуді жоспарлап отырмыз. Ол үшін Ақтау технологиялық қызмет көрсету колледжінің жанынан 500 орынға дейін жатақхана, Маңғыстау энергитикалық колледж жанынан 300 орынға дейін жатақхана құрылыстарын салатын боламыз. Одан қалса тағы 17 шағын ауданнан 500 орынға жер орны белгіленген.

Айнұр Жұмабаева, колледж студенті:

- Іші өте керемет. Барлық жағдайы жасалған. Жақсы ұнады. Екі жыл бойы пәтер жалдап тұрғанбыз. Әрине, Ақтауда пәтер жалдау кішкене қиынға соғады студент болғандықтан. Қазір міне жатақханаға беріліп жатырғаны бізді қатты қуантады.

Телеканал Хабар 24