378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС

Owlypia: жеңімпаз шетелде өтетін финалға жолдама алады

  • 376
  • UPD: 23:43, 16.02.2019
Owlypia: жеңімпаз шетелде өтетін финалға жолдама алады

Қазақстанда алғаш рет оқышулар арасында Owlypia халықаралық сайысы өтіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алматыдағы аймақтық кезеңге еліміздің түкпір-түкпірінен келген 230 оқушы қатысуда. Пәнаралық олимпиада 6 бағыт бойынша өтеді. Оқушылар әр пәндер бойынша командалық құрамда ағылшын тілінде білімдерін сынға салмақ. Байқау талаптарына сәйкес, қатысушылар пәндік тест тапсырып, эссе жазады. Сондай-ақ көпшілік алдында шешендік шеберлігін де көрсетеді. Үздік командаға Давос, Сидней, Кембридж, Бостон қалаларының бірінде өтетін финалдық кезеңге шақырту беріледі.

Идаятулла Әдиханов, ұйымдастыру комитетінің төрағасы:

- Біздің негізгі мақсатымыз – мемлекетіміздің әртүрлі өңірінен жасөспірім оқушыларымызды осындай ағылшын тілінде өтетін үлкен жобалық жарысқа шақыру арқылы олардың академиялық ойлау қабілетін, дүниетанымын және оқу дағдысын дамытуға үлкен мүмкіндік беретін платформа ұсыну.

Телеканал Хабар 24