379.86 423.80 5.90
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Елордада IT-университет ашылады

  • 179
  • UPD: 18:23, 19.03.2019
Елордада IT-университет ашылады

Елордада биыл IT-университет ашылады. Оқу орны «Экспо» кешенінің «С-1» Халықаралық павильонда орналасады. Әзірге оқудың ақысы пысықталып жатыр.

Гранттар да бөлінеді. Бастапқыда университетке мың студент қабылданады. Кейін білімгерлердің қатарын 2 500-ге дейін арттыру жоспарланып отыр. Оқытуға шетелдік мамандар да тартылады. Жаңа университетте жастар екі бағдарлама бойынша дайындалады. Біріншісі жедел инновациялық,  екіншісі қайта даярлау бағдарламасы. IT-университет төрт мектептің негізінде жұмыс істейді. Олар киберқауіпсіздік, компьютерлік ғылым, индустриалдық инжиниринг және IT менеджмент.

Замир Ыбыраев, ұлттық компанияның IT және жаңа теxнологиялар департаментінің бас менеджері:

- Жаңа университет ақпараттық теxнологиялар саласындағы әлемнің үздік жоғары оқу орындарымен бірлесіп ашылады. Бүгінде қайта жабдықталып жатқан «С-1» павильонының аумағы 24 мың шаршы метрден 35 мың шаршы метрге дейін ұлғайтылады. Барлық шаралар ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне дейін аяқталады.

Телеканал Хабар 24