375,90 426.35 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС

Екі облыста дауылды ескерту жарияланды

  • 517
Екі облыста дауылды ескерту жарияланды oboi7.com

Синоптиктер екі облысқа дауылды ескерту жариялады.

Батыс және оңтүстік-батыс тропосфералық ағындарымен Қазақстан территориясы арқылы атмософералық фронттардың бірінен соң бірінің жылжуымен қар, оңтүстік өңірлерде жылбысқы қар, солтүстікте кей жерлерде бұрқасын, екпінді күшті жел күтіледі. Алдағы үш тәулікте республикада синоптикалық процестер айтарлықтар өзгермейді, ал батыс және оңтүстік-батыстан тропосфералық ағындардың сақталуымен бұрыңғыдай ауа температурасын климаттық нормадан жоғары болады.

21 қаңтарда күндіз Түркістан облысының кей жерлерінде қатты қар сақталады. 22 қаңтарда кей жерлерде тұман, баяу бұрқасын, шығыстан 15-20 м/с жел күтіледі.

22 қаңтарда Батыс Қазақстан облысының кей жерлерде бұрқасын, тұман, көктайғақ, оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с дейін күтіледі. Орал қаласында 22 қаңтарда бұрқасын, тұман, көктайғақ, оңтүстік-батыстан 15-20 м/с желдің күшеюі күтіледі.

Ақпарат көзі: Қазгидромет

Телеканал Хабар 24