377,65 427.65 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС

Астанада қарлы бұрқасынға байланысты ескерту жарияланды

  • 299
  • UPD: 12:55, 31.01.2019
Астанада қарлы бұрқасынға байланысты ескерту жарияланды Zakon.kz

Астанада қарлы бұрқасын салдарынан бүгін екінші ауысымдағы мектеп оқушылары мен студенттер оқымайды.

Бұл туралы ескертуді «Қазгидромет» орталығы хабарлады. Синоптиктердің мәліметінше, елордада бүгін желдің жылдамдығы секундына 20 метрді құрайды. Қарлы бұрқасын, боранға ұласуы да ықтимал. Сондай-ақ бүгін ел шығысында сабақтар тоқтатылды. Себебі аймақтың кейбір аудандарында сынап бағанасы -37 градусқа дейін төмендеген.

Телеканал Хабар 24