378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС

Елімізде күн қашан жылиды?

  • 572
  • UPD: 21:04, 08.02.2019
Елімізде күн қашан жылиды?

Келер аптаның соңына қарай аяздың беті қайтып, күн жылиды. Бұл туралы «Қазгидромет» өкілдері хабарлады. Ақпанның 9-ы мен 15 аралығында Солтүстікте түнгі ауа температурасы минус 18-23, кей жерлерде 28 градус, ал күндіз ауа температурасы минус он, он бес градус болады.

Оңүстікте түнде бес, он градус суық, ал күндіз үш, бес градусқа дейін жылынады. Күн жылығанымен кей өңірлерде жел тұрып, көктайғақ болады. 

Жұлдыз Исабекова, «Қазгидромет» РМК гидрометорталық ұзақ мерзімді болжамдар басқармасының бастығы:

- Демалыс күндері Карск теңізінен келген суық ауа массалары бәсеңдейді. Бұның себебі Каспий өңірінен келетін циклонға байланысты болады. Ол циклон Солтүстік аумақтарға қарлы боран алып келсе, Оңтүстік аумақтарына жауын-шашынмен қатар тұман және көктайғақ әкеледі. Қатты дауылды жел соғады. Оңтүстік-батыстан секундына 23-28 метр жылдамдықпен жел соғуы мүмкін. Ауа температурасы біртіндеп жоғарылайды.

Мамандардың айтуынша, ақпанның соңында күн жылып, қардың еруінен су деңгейі көтерілуі ықтимал. Ақпан, наурыз, сәуір айларында бір тәулік ішінде жауын-шашынның жылдық нормасы түсуі мүмкін.

Телеканал Хабар 24