378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС

Астана-Қарағанды электр пойызының бағыты өзгерді

  • 244
  • UPD: 23:28, 13.02.2019
Астана-Қарағанды электр пойызының бағыты өзгерді

Енді елордадан Қарағандыға қатынайтын электр пойызы «Астана-1» вокзалынан жөнелтіледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тасымалдаушы компания басшылығы жолаушылардың көптеген шағымына байланысты пойыздардың жүру бағытын өзгерткен. Оған «Нұрлы жол» вокзалының алыста орналасуы себеп болды. «Кейбір адамдар пойызға кешіксе, кейбіреулері вокзалдарды шатастыруда», – дейді сала өкілдері. Сонымен қатар өзгеріс енгізілгеннен кейін жолаушылар ағыны 30 пайызға өскен. 

Равиль Садықов, Қарағанды өңірлік учаскесінің басшысы:

- Аршалы стансасынан көптеген өтініштер келіп түсті. Тұрғындар мен аудан әкімдері «Нұрлы жол» вокзалынан «Астана-1» станциясына көшіру туралы өтініш жасады. Мысалы, Сороковая станциясында өте көп адамдар бар. Олардың барлығын жұмысқа жеткізу қажет.

Телеканал Хабар 24