375,90 426.35 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС

Жамбыл облысында жолда қалған 9 адам құтқарылды

  • 216
  • UPD: 10:38, 18.02.2019
Жамбыл облысында жолда қалған 9 адам құтқарылды Atameken Business

Жамбыл облысында Тараз-Жаңатас бағытындағы облыстық маңыздағы автожол ауа райының қолайсыздығына байланысты 8 сағатқа жабылды.

Қар жауып, желдің екпіні секундына 20 шақырым жылдамдыққа дейін жеткен. Салдарынан тасжолдың Сарысу ауданындағы 100-170 шақырым аралығында барлық көлік түріне қозғалысқа шектеу қойылды. Тек бүгін таңғы сағат 7:00 шамасында жол қайта ашылды. Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, лайға тығылып жолда қалған 3 жеңіл көлік шығарылды. Оқиға дәл осы жолдың бойындағы Ақтоғай ауылының маңында болған. Ішіндегі 9 адам Жаңатас қаласына жеткізілді.

Авторы: Руслан Бақытбекұлы

Телеканал Хабар 24