378.89 422.90 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


АҚШ-та жойқын торнадо ойран салды

  • 173
  • UPD: 13:58, 26.04.2019
АҚШ-та жойқын торнадо ойран салды

АҚШ-тың бірнеше штаттарында жойқын торнадо ойран салды. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, табиғат апатынан Техас пен Луизиана штаттарында 5 адам қаза тапты.

Олардың арасында балалар да бар. Мамандардың айтуынша, аймаққа құйынмен бірге нөсер жауын да жауған, кей өңірлерге бұршақ түскен. Апат орын алған өңірлерде құтқару операциялары жалғасып жатыр. Долы дауыл аймақта ағаштарды түп тамырымен жұлып кеткен. Тұрғын үйлердің шатыры қирап, электр желілері үзілген. Ал Форт-Уэрт қаласында темір жол апаты орын алды. ABC телеарнасының мәліметі бойынша, торнадо Жаңа Орлеан, Миссисипи, Алабама мен Флорида штаттарына қарай бет алды.

Телеканал Хабар 24