378.01 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Иран, Ирак және Сирия арасын жалғайтын ортақ жол салынуы мүмкін

  • 180
  • UPD: 15:37, 29.04.2019

Иран, Ирак және Сирия елдері ортақ жол жалғауы мүмкін. Үш мемлекет делегацияларының алдағы кездесуінде талқыланатын басты тақырыпұлттық теміржолдарды бірыңғай жүйеге қалыптастыру болмақ.

Бұл жобаны жүзеге асыруға Сирияда басталған соғыс кедергі келтірген. Енді 2011 жылдан бері алғаш рет бұл жұмысты аяқтау мүмкіндігі туып отыр.

Бұл теміржол арқасында Иран мен Ирак Жерорта теңізіндегі сириялық айлақтарға шыға алады. Ал болашақта бұл бағытты Қытайға дейін ұзарту көзделіп отыр. Сирияда жанжал басталарда жұмыстың толық аяқталуына аз қалған еді. Алайда соғыстың салдарынан Сирия аумағында салынған шойын жолдардың көбісі қираған.

 Мохаммад Ватанпур, экономист /Иран/:

- Иракты Иранмен жалғау үшін 40 шақырымға жуық шойын жолды салу қалды. Екі жақтан салынып жатқан жол Ирактағы Басра қаласында жалғануы тиіс. Күтпеген жағдай туындамаса, Иран өз міндетін бірінші болып орындайды. Бұл жоба бізге тек пайда әкеледі. Иран Солтүстікті Оңтүстікпен, Батысты Шығыспен жалғайтын дәлізге айналады. Бұл экспорт-импорттың, сондай-ақ транзиттен түсетін табыстың өсуіне әкеледі.

Кейбір мәліметтерге қарағанда, осы жобаға Қытай да қосылмақ. Бұл теміржол аймақтағы елдерді Жаңа Жібек Жолына шығаруы тиіс. Жоба Сирия, Ирак, Иран, Қытай, Пәкістан мен өзге де елдерге тиімді болады.

Джавад Хашеми, экономикалық шолушы /Иран/:

- Иран президенті Хасан Рухани осы теміржол жүйесін салып, өз ізін қалдырғысы келеді. Экономистер бұл жоба Иранмен қатар, бүкіл Шығыс елдеріне пайда әкелетініне сенімді. Ең бастысы сырттан ешкім бөгет жасамаса екен.

Үш елді жалғайтын теміржол Иранға өз өнімдерін Жерорта теңіздеріндегі айлақтарға шығарып, одан әрі экспорттауға жол ашады. Сондай-ақ бұл қадам туризмнің дамуына жаңа серпін береді.

Авторлары: Юлия Гнатюк, Махмуд Махмуди

Телеканал Хабар 24