378.77 425.70 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Айова штатында тұтас бір қаланы су алып кетті

  • 166
  • UPD: 11:41, 02.05.2019
Айова штатында тұтас бір қаланы су алып кетті https://weather.com/

Уақытша бөгеттің бұзылуы салдарынан Айова штаты Давенпорт қаласын (АҚШ) су басып алды. Судың деңгейі 1,8 метрге жетті.

Тұрғындардың көпшілігі аман қалу үшін жанталасып үйлердің шатырына шықты. Ал басқаларын құтқарушылар қайыққа салып эвакуациялады. 

Оқыс оқиға уақытша бөгеттің жарылуынан болды. Ол арнасы тасыған Миссури өзенінен қаланы қорғап тұрған еді. Мұнда су деңгейі өте жоғары, әлі де көтеріліп жатыр. Жұмысшылар бөгетке құм салынған қаптарды қойып, бекітпекке әрекеттенді. Алайда бұл шара еш нәтиже берген жоқ. Су тасқыны салдарынан бірнеше автомобиль жолдары жабылды. Ұлттық метеорологиялық қызмет Миссисипиде судың деңгейі ең жоғары рекордтық көрсеткішке дейін көтеріледі деп болжап отыр.

The Weather Channel

Телеканал Хабар 24